Виктор Друзин Париждегі Әлем Кубогында топ жарды
02.03.2025 17:15
Фото:
Спортты дамыту дирекциясы
Отандасымыз Виктор Друзин Франция астанасы Парижде өтіп жатқан көркем жүзуден жылдың алғашқы Әлем Кубогында алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық құрама спортшысы еркін бағдарламада төрешілерден 127.2000 балл алды. Күміс 126.670 ұпайы бар Мариос Кристаста (Грекия). Үздік үштікті тағы бір Грекия спортшысы түйіндеді.
Еске сала кетейік, осы жаттығудың техникалық бағдарламасында су спортынан тұңғыш әлем чемпионымыз Эдуард Ким күміс жүлдеге қол жеткізген.
Осымен Париждегі жарыс аяқталды. Ел намысын барлығы 24 спортшы қорғады. Барлығы 22 елден келген 167 спортшы сынға түсті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

