Виктор Друзин көркем жүзуден Азияның екі дүркін чемпионы атанды
07.10.2025 02:29
Фото:
Спортты дамыту дирекциясы
Үндістанда өтіп жатқан Азия чемпионатында көркем жүзуден ерлер арасында жекелей сындағы еркін бағдарламада қазақстандық Виктор Друзин топ жарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Отандасымыз 198.7639 ұпай жинап, ең жоғары нәтиже көрсетіп, чемпионаттың екінші алтын медалін жеңіп алды.
Бұл сында күміс жүлдені жапониялық Ремма Феруучи 191.0126 ұпаймен иеленсе, қола жүлде таиландтық Ваттикорн Кхетхиранканокке (132.2613 ұпай) бұйырды.
Айта кетейік, турнирдің алғашқы күнінде Виктор Друзин техникалық соло бағдарламасында жеңіске жетіп, тұғырдың ең биік сатысына көтерілген болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

