Жаңалықтар

VII діндер съезінің декларациясы қабылданды

Қабылданған декларация 35 тармақтан тұрады және ол құжатта қазіргі заманғы жаһандық мәселелер жан-жақты қамтылған.
VII діндер съезінің декларациясы қабылданды
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі 15.09.2022 16:11 2636

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жабылуында декларация қабылданды, деп хабарлайды El.kz.

Декларация мәтінін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезіндегі Англикан шіркеуінің арнайы өкілі Джо Бейли Уэллс таныстырды.

Қабылданған декларация 35 тармақтан тұрады және ол құжатта қазіргі заманғы жаһандық мәселелер жан-жақты қамтылған.

«Бұл құжаттың жобасын арнайы жұмыс тобы мен съезд хатшылығы жан-жақты қарап, талқылады. Келіп түскен ұсыныстар ескерілді. Съездің барлық қатысушыларына декларация таратылды. Декларацияның маңызды бағыттары өркениетаралық және дінаралық диалогты нығайтуға, сондай-ақ қазіргі әлемнің өзекті мәселелері бойынша ортақ тәсілдерді қалыптастыруға ықпал етеді деп үміттенеміз», - деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар, келесі дін лидерлерінің съезі 2025 жылы Қазақстан астанасында өтетінін жариялады. Сонымен қатар, әлем үшін маңызды шараға қатысқан барша делегация өкілдеріне алғыс білдірді.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға