©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

Видео ойындар ми жұмысына пайдалы - ғалымдар

Ғалымдар видео ойындардың ми саулығын сақтауға көмектесетінін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеу алты ай бойы жүргізіліп, оған үш топ қатысқан.

Бірінші топ Super Mario 64 ойынын ойнаса, екінші топ фортепианода ойнауды үйренген. Ал үшінші топ ештеңе істеген жоқ.

Нәтижесінде бірінші топтың ми қызметі айтарлықтай жақсарды – есте сақтау қабілеті, қозғалыс үйлесімі, кеңістікте бағдарлану қабілеті артып, мидағы сұр зат мөлшері көбейді;

Екінші топта да оң өзгерістер байқалған – оларда да зейін мен өзін-өзі бақылау жақсарғанымен, бірінші топқа қарағанда әлсіздеу болды;

Ал ештеңе істемегендердің ми қызметі нашарлай бастаған.

Зерттеушілердің қорытындысы: видеойындар – тек көңіл көтеру құралы емес, миды жаттықтырудың ең тиімді әдістерінің бірі.