«Vidar» камерасы үш айда 345 миллион теңгенің айыппұлын тіркеді
27.04.2023 12:35
Фото:
Polisia.kz
Жетісу облысында жол ережесін бұзған көлік жүргізушілерін бақылайтын «Vidar» камерасы үш айда 345 миллион теңгенің айыппұлын тіркеді, - деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Талдықорған қаласы маңындағы және облыс орталығындағы 8 бекеттегі 18 бейнекамера жол ережесін бұзған көліктерді жаппай тіркеуде.
Биылғы жылдың 1 тоқсанында жүргізілген талдауға сәйкес «VIDAR» камералары 14814 заңбұзушылықты тіркеді. Осы бұзушылықтарға жол берген автокөлік құралдарының жүргізушілеріне жалпы сомасы 345 278010 теңгеге айыппұл салынып, 260 миллионнан астамы өндірілді,- деді Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.
Жетісу облысының полициясы жүргізушілерге ақпаратты назарға алуға және ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

