Венгрияда Шымкенттің туристік мүмкіндіктері таныстырылды
02.07.2025 07:35
Фото:
Видеодан кадр
Венгрияның Карцаг қаласында дәстүрлі «Karcagi Birkafőző» халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті. Аталған іс-шара Қазақстанның Венгриядағы Елшілігі мен Карцаг қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қала әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, фестиваль аясында Шымкент қаласының туристік мүмкіндіктері кеңінен таныстырылып, қала тарихы, мәдениеті және табиғи көрікті жерлері туралы ақпараттық материалдар ұсынылды. Келушілерге ұлттық тағамдар ұсынылып, қазақ халқының қонақжайлылығы мен дәстүрлі мәдениеті дәріптелді.
Аталған іс-шара Шымкент қаласы мен Еуропа мемлекеттері арасындағы мәдени және туристік байланыстарды нығайтуға, халықаралық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

