Жаңалықтар

Велоспорттан Қазақстан екінші алтынға қол жеткізді

Велоспорттан Қазақстан екінші алтынға қол жеткізді
Фото: ©Olympic.kz/Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫ 05.10.2023 12:55 769

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында велоспорттан ерлер арасындағы топтық жарыста Қазақстанға бір алтын, бір күміс медаль бұйырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін велошабандоздар 207.7 шақырымға топтық жарыс бойынша сынға түскен. Азия ойындарына бірінші рет қатысқан 23 жастағы Евгений Федоров топ жарды.

1.Евгений Федоров (Қазақстан) — 4:25:29
2.Алексей Луценко (Қазақстан) — 4:25:29
3.Жамбалцамц Саибайяр (Моңғолия) — 4:31:11
...5.Дмитрий Груздев (Қазақстан) — 4:31:11
...18.Глеб Брусенский Қазақстан) — 4:32:50

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Евгений Федоров 2018 жылы жасөспірімдер арасында Олимпиада чемпионы атанып, 2019 жылы ересектер сапына қосылды. 

Төрт жыл ішінде отандасымыз 23 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы, 4 дүркін Азия жеңімпазы деген атақты иеленген.

2014 жылдан бері Алексей Луценко Азия ойындарының 6 сайысына қатысып, бесеуінде жүлдегерлердің қатарынан табылды.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға