Отандасымыз Евгений Фёдоров Районг қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 46 шақырымға жарыста мәреге бірінші болып жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Спортты дамыту дирекциясы сары құрлық біріншілігінде қазақстандық велошабандоздың оқ бойы озық шығып, мәре сызығын бірінші кескенін мәлімдеді.
Ол қашықтықты 53:28.4 секундта жүріп өтіп, күміс жүлдегер тайбэйлік Серхио Тудан жобамен 2 минуттай озып кетті. Қола медаль моңғолиялық Саинбаярын Джамбалжамтстың еншісіне бұйырды.
Тағы бір отандасымыз Игорь Чжан жүлдеге бір табан жетпей 4-орында қалды. Жалпы жарыс жолына 19 велошабандоз шыққан болатын.
Айта кетейік, былтыр Евгений Фёдоров Аустралиядағы әлем чемпионатында 23 жасқа дейінгі жас санатында топ жарған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

