Жаңалықтар

Ватиканда табылған Қазақ хандығының картасын анықтаған Рафис Авазов есімді азамат

Ватикандағы және Еурпаның өзге елдеріндегі карталарды зерттеуге ерекше мән бермекпіз
24.08.2015 08:32 4502

Естеріңізде болса, Ватиканда Қазақ хандығының XVI  ғасырдағы картасы табылды деп ақжолтай хабар тараған болатын. Қазір ғалымдар осы тақырыпты зерделеп, анықтау үстінде.

Ватиканда табылған Қазақ хандығының картасын анықтаған Рафис Авазов есімді азамат

"Ватикандағы және Еурпаның өзге елдеріндегі карталарды зерттеуге ерекше мән бермекпіз" дейді ҚР БҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған.

«Жақында хабарланғандай, Ватиканда Қазақ хандығының картасы табылған-ды. Қазіргі еліміздің жазығы орманды болып көрсетілген. Бүгінде  Бетпақдалада айтарлықтай орманды жер емес, яғни шөлейтті алқап. Атап айтқанда, 550 жылдың ішінде бұл орманды жерлерді адамдар жойып жіберді немесе басқа себептер әсер етті. Бұл жерлер ежелден шөлейтті болды деп нақты айта алмаймыз. Мүмкін шынымен де осы жерлер қазіргіге қарағанда жасыл-желекті болған шығар», – деді ғалым.

Оның пайымынша, сол кездері Сырдарияның көлемі мен арнасы да ауқымды болған.

«Біз тек салыстырмалы талдауды ғана жүргіздік. Яғни, біздегі тарихи мәліметтер бойынша Қазақ хандығы кезіндегі ландшафт пен бүгінгі климаттық жағдайды салыстырдық. Осы зерттеудің қорытындысы қоғамдастыққа жарияланатын болады. Бұл деректерді ғылыми кітаптарда кеңінен көрсетуді көздеп отырмыз», – деді Б. Аяған.

Оның сөзіне қарағанда, Ватикандағы карта бірнешеу екені белгілі болды. Картаны анықтаған Рафис Авазовтың негізі  – Қазақстанның тумасы. Қазіргі кезде ол америкалық азамат.

«Жақында ол елімізге келеді. Рафис Авазовты жақсы танимын. Атап айтқанда, бұл бағыттағы жұмысты тоқтатпай, жалғастыру керек. Ватиканан карталарды алып, зерттеу оңай емес. Сондықтан осы картаның маңыздылығын ескеріп, оларды зерттеуге барша мүмкіндігімізді салмақпыз. Тек Ватиканды ғана емес, сонымен қатар Еуропаның өзге елдерінде де Қазақстан жайында ежелден зерттелген құнды мәліметтер баршылық. Олар сауда жолдарын және саяси байланыстарды нығайту бағытында еліміз аумағында сол кездері көптеген зерттеулер жасаған. Осы орайда оларда көптеген мәліметтер мен карталар болуы мүмкін», - деді ғалым.

Қазақ хандығы — бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың территориясында 1465-1847 жылдар аралығында құрылған мемлекет. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Амудария өнедерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыған. Бұл хандық құрылған уақыттағы дерек. Ал, 16-17 ғғ. Қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түскен болатын.


Әзірлеген: Досжан Мейірім.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға