Вашингтондағы ұшақ апаты: өзеннен 40 адамның денесі шығарылды
31.01.2025 07:19
Фото:
Видеодан алынған кадр
АҚШ-тың Потомак өзенінде болған әуе апатына қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Рейтер» агенттігінің мәліметінше, судан 40 адамның денесі шығарылған. Жолаушылар ұшағы мен әскери тікұшақ неліктен соқтығысқаны әзірге белгісіз.
Ал ел президенті Дональд Трамп апаттан аман қалғандар жоқ екенін айтты.
«Американ Эйрлайнс» компаниясына тиесілі лайнерде 64 адам болған. Төртеуі – экипаж мүшесі. Екі әуе көлігі де суға батты.
Құлаған ұшақ бортында болған жолаушылардың қатарында АҚШ пен Ресейдің танымал мәнерлеп сырғанаушылары мен олардың жаттықтырушылары болған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

