«Ваннада шомылған». Ақтауда бір жасар қыз көз жұмды
Мөлдір Қайнар тілші
Бір жасар бала Ақтаудағы ваннада шомылу кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 29а шағын аудандағы көпқабатты үйдің пәтерінде болды.
29 шағын аудандағы № 3 үйден шақыру 4 қарашада сағат 22:38-де келіп түсті. Әкесінің айтуынша, нәресте ес-түссіз болған. Одан 15-20 минут бұрын, бала ойыншықтарымен су толтырылған ваннаға шомылған. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін нәресте қайтыс болды, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

