Валюта айырбастау орындарында доллар бағамы 480 теңге болды
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
17.08.2022 14:49
893
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 474- 480 теңгеден саудаланып жатыр, – деп хабарлайды El.kz.
Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 474 – 479 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 476 – 480,5 теңге аралығында құбылып тұр.
16 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,37 теңгеге көтеріліп, 476, 59 теңге болған.
Ұлттық банктің 17 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 476, 58 теңге.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,25 – 7,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлын қабылдады
Келесі жаңалық
Боксшы Серік Сәпиевтің спорттағы жолы