t.me/boxing_kazakhstan

Валентина Хальзова Париж Олимпиадасына жолдама алды

Бокстан Қазақстан әйелдер командасының мүшесі Валентина Хальзова Олимпиадаға іріктеуден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

75 келі салмақ дәрежесіндегі шешуші жекпе-жекте отандық спортшы колумбиялық Ширлейдиз Орозконы 5:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Бангкоктағы лицензиялық турнирде Валентина Хальзова Украина, Моңғолия және Колумбия боксшыларынан басым түсті.