Валентина Хальзова Олимпиада жолдамасына қол жеткізе алмады
11.03.2024 20:45
Фото:
Спортты дамыту дирекциясы
Италияның Бусто-Арсицио қаласындағы іріктеу турнирінде ширек финалға шыққан қазақстандық боксшы Валентина Хальзова шешуші жекпе-жекте жеңіліп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Валентина Хальзова ұлыбританиялық Синди Нгамбамен кездесіп, Олимпиада жолдамасынан тыс қалды. Жекпе-жек бойына тізгін бермеген Синди үшінші раундта қазақстандық боксшыны нокдаунға жіберіп, кездесу аяқталды.
Осылайша, Хальзова Париж жолдамасына қол созым жер қалғанда уысынан шығарып алды.
Бұған дейін ерлер құрамасынан 92 келіде шаршы алаңға шыққан Айбек Оралбай АҚШ боксшысын ұтып, Париж Олимпиадасының жолдамасына иелік еткен еді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

