Жаңалықтар

Вал Баркердің кубогін алған қазақстандық бокшылар

Вал Баркердің кубогін алған қазақстандық бокшылар
Фото: inform.kz 06.11.2022 15:53 4893

Вал Баркердің кубогі – жеке өтпелі сыйлық. Ұлыбритания бокс Ассоциациясының президенті (1917-1929), Халықаралық әуесқой бокс Ассоциациясының хатшысы және президенті (1920-1938) сайланған Вал Баркер атындағы кубок әлем әуесқой боксшылардың Ассоциациясының  ФИБА Конгресімен бекітілген (1946 жылғы). Бұл кубок АИБА-ның меншігі болып табылады. Олимпиадалық ойындар кезінде қандай орынға ие болғанына тәуелді емес, ол ойын барысында ең жақсы техникалық әдіс-тәсілін, тактикалық шеберлігін көрсеткен боксшыға беріледі.

ТМД елдері ішінде Қазақстан Вал Баркер Кубогіне ие болған бірінші мемлекет. Сонымен қатар біздің спортшылар (В.Жиров, Б.Артаев, С.Сәпиев) үш рет Баркер Кубогына ие болғаны тағы бар. Осыдан-ақ, біздің елде бокс спортының орны қандай екенін көруге болады.

Вал Баркер Кубогының тарихи тізіміне көз үнілтсек:

– 1936 жылы (Берлин) Луис Лаури (АҚШ);

– 1948 жылы (Лондон) Джордж Хантер (Оңтүстік Африкалық Одақ);

– 1952 жылы (Хельсинки) Норвел Ли (АҚШ);

– 1956 жылы (Мульбурн) Ричард Мак-Таггарт (Ұлыбритания);

– 1960 жылы (Рим) Джованни Бенвенути (Италия);

– 1964 жылы (Токио) Валерий Попенченко (СССР);

– 1968 жылы (Мехико) Филип Варуинг (Кения);

– 1972 жылы (Мюнхен) Теофило Стивенсон (Куба);

– 1976 жылы (Монреаль) Хоуард Дэвис (АҚШ);

– 1980 жылы (Москва) Патрицио Олива (Италия);

– 1984 жылы (Лос-Анджелес) Пауль Гонзалес (АҚШ);

– 1988 жылы (Сеул) Джонс Рей (АҚШ)

– 1992 жылы  (Барселона) Роберто Баладо (Куба);

– 1996 жылы (Атланта) Василий Жиров (Қазақстан);

– 2000 жылы (Сидней) Олег Саидов (Россия);

– 2004 жылы (Афина) Бақтияр Артаев (Қазақстан);

– 2008 жылы (Пекин) Василий Ломаченко Украина);

– 2012 жылы (Лондон) Серік Сәпиев (Қазақстан);

– 2016 жылы (Рио-де-Жанейро) Хасанбой Дусматов (Өзбекстан).

2021 жылы Токиода өткен Олимпиада ойынында бұл Кубок берілген жоқ. 2024 жылы Францияда өтетін Олимпиада ойындарында кім алады екен? Біз қазақстандық спортшыларға бұйырса екен деп іштартамыз. Өйткені біздің бокшылар текникалық және тактикалық тұрғыда жоғары деңгейде өнер көрсетеді.

Айта кететіні, Вал Баркер кубогын 5 рет АҚШ, 3 рет Қазақстан, 2 рет Италия және Куба боксшылары жеңіп алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға