Жаңалықтар

Вагон аударылды: теміржолдағы қозғалыс қалыпқа келтірілді

Вагон аударылды: теміржолдағы қозғалыс қалыпқа келтірілді
Фото: Видеодан алынған кадр 08.12.2024 00:15 478

Атырау облысының әкімдігі апат болған Мақат стансасындағы қозғалыс қалыпқа келтірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Құлсары-Алтынкөл теміржол учаскесіндегі (Мақат ауданы) апатқа байланысты оқиға орнына «Қазақстан теміржолы» АҚ-дан 40 адам, 3 техника, 1 қалпына келтіру және 1 өрт сөндіру пойызы, Мақат аудандық азаматтық қорғау қызметі мен төтенше жағдайлар департаменті бөлімінің, полиция бөлімі мен көлік прокуратурасының мамандары жіберілген. 

Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Ұлттық сараптама орталығы зертханасының мамандары апат болған учаскеде радиациялық фонға тексеру жүргізді. Тексеру кезінде ешқандай ауытқу анықталмады. Апаттан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнбеді, - делінген мәліметте.

Қазір оқиға орнында Атырау облыстық экология департаментінің қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Жүк тасымалдаушыға заң бұзушылықтарды жою, төгілген күкіртті жинап алу туралы нұсқау берілген. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға