Жаңалықтар

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты басталды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты басталды
Фото: Видеодан кадр 08.09.2024 19:09 317

Ашылу салтанаты «Астана Арена» стадионында өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Салтанатты шараға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен бірнеше елдің басшысы келді. Іс-шараға 3 мыңға жуық өнерпаз қатысуда.

Ашылу салтанатын BAQ.KZ ақпараттық порталынан бастап тікелей эфирден тамашалай аласыздар. 

Сондай-ақ Qazcontent мекемесінің шығармашылық тобы ұсынған қызықты сюжеттерді көре аласыздар. Тілшілер жарыс өтетін нысандардан жедел хабар таратып, эксклюзив сұхбаттар ұсынады.

Қалыптасқан дәстүр бойынша ашылу рәсімінде спорттық делегациялардың шеруі өтеді. Соңында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің орындауындағы халықтар достығы мен бірлігі туралы музыкалық композияция орындалады.

Ойындарға қатысушылар мен қонақтарды қабылдау үшін 20 қонақүй мен 331 көлік қарастырылған. Медициналық штабта 150 медициналық қызметкер, 23 ветеринар жұмыс істейді. 1 300 волонтер қызмет атқарады. Сондай-ақ БАҚ-қа арналған аккредитацияға жалпы 64 елден 1 185 өтінім түскен.

Ойындар бірнеше жерде өтеді: «Думан» қонақ үйі, «Қазанат» ипподромы, этноауыл, Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы және «Алау» мұзайдыны мен «Астана Арена» кешенінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға