Жаңалықтар

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 2500-ден астам спортшы келеді деп күтілуде

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 2500-ден астам спортшы келеді деп күтілуде
Фото: t.me/ortcom_kz 25.06.2024 04:07 720

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтеді. Бағдарламаға 21 спорт түрі енді. Оның ішінде жартысы қазақтың ұлттық спорт түрлері, қалғаны көптеген түркі елдерінің ұлттық спорт түрлері. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Ойындарға 89 елден делегациялар қатысатынын растады. 2500-ден астам спортшы келеді деп күтілуде, - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Спорттық инфрақұрылымға тоқтала келе, вице-министр «бір сызық» концепциясы қолданылатынын атап өтті.

Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарында тұрған спорт нысандары пайдаланылады. Негізгі 7 спорт нысаны. «Астана Аренада» жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтеді, Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында күрес түрлерінен жарыс өтеді, жеңіл атлетика манежі – аккредитациялауға арналған. Сондай-ақ, Ұлттық ат спорты түрлерін өткізу үшін «Қазанат» ипподромы реконструкциядан өткізіліп жатыр. «Думан» қонақ үйінде тоғызқұмалақ, мангала және т.б. спорт түрлерінен жарыстар өтеді, - деді С.Жарасбаев.

Сонымен қатар шара аясында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға