Жаңалықтар

Үздік сұрмерген: тарихи рекорд жаңартқан Бахтиер Зайнутдинов пікір білдірді

Үздік сұрмерген: тарихи рекорд жаңартқан Бахтиер Зайнутдинов пікір білдірді
Фото: Қазақстан футбол федерациясы 18.10.2023 09:41 2402

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Финляндия құрамасының қақпасына соққан екі голына қатысты пікір білдірді. Осы арқылы ол Руслан Балтиевтің рекордын жаңартып, ұлттық құрама тарихындағы үздік сұрмерген атанды.

Алғашқы тайм ауыр болды, жоспарымызды жүзеге асыра алмай қойдық. Сонан соң бапкер қажетті сөздермен жігерлендірді. Біз Еуроға шықсақ деп армандаймыз, сондықтан жеңілуге құқымыз жоқ еді. Елтаңба үшін күресеміз. Адиев не айтты дейсіз бе? Ол өз арамызда қалғаны дұрыс. Ол мақалдатып сөйлейді. Бұл бізге ерекше әсер етеді. Пенальти? Асхат Тағыберген допты маған беріп, теп деді.

Руслан Балтиевті енді өзім мейрамханаға апарамын, бұл оған деген құрметім. 17-18 жасымда құраманың үздік сұрмергені атанамын деген ой кіріп-шықпайтын. Тараздан екеніме мақтанамын және тарихқа енгенім мен үшін үлкен абырой.

Әзірге тарихқа енгенімді түсіне қойған жоқпын. Егер Абат Айымбетов қосылып, рекордты бұзып жатса, мен оған қуанамын. Бастысы – Еуроға шығу. Рекордтар дәл қазір маңызды емес, – деді Зайнутдинов. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға