Үйлену тойында қонақтар құны 7 млн теңгелік виртуалды пышақ сыйлады
Атырауда өткен бір тойда қонақтар күйеу жігітке ерекше сый жасады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Ақжайық» порталының дерегінше, олар Counter-Strike 2 ойынындағы сирек кездесетін виртуалды Butterfly Knife Doppler пышағын тарту етті.
Мұндай заттың цифрлық нарықтағы бағасы шамамен 7 миллион теңгеге дейін барады.
Халық арасында «пышақ сыйлауға болмайды» деген ырым бар, бірақ қонақтарды бұл жайт тоқтата алмаған, ал күйеу жігіт виртуалды сыйлыққа шын қуанған тәрізді. Тек цифрлық әлемде ғана бар геймерлік артефакт көптеген материалдық сыйлықтардан да қымбат болып шықты.
Тойға қатысушылар сыйлық табыстау сәтін видеоға түсіріп, желіге жүктеген. Бейнежазба әлеуметтік желілерде жылдам таралып, геймерлер мен қолданушылар арасында қызу талқылауға себеп болды.

