Жаңалықтар

«Ұят жағдай». Қыз зорлаған полиция басшысының ісіне қатысты облыс әкімі пікір білдірді

«Ұят жағдай». Қыз зорлаған полиция басшысының ісіне қатысты облыс әкімі пікір білдірді
Фото: © ОКҚ / © El.kz 24.11.2023 16:41 1499

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев 27 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған қалалық ІІБ бастығының ұсталуына қатысты пікір білдірді,  деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі.

Өңір әкімі бұл мәселе жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтты.  

Бұл жерде мен ештеңе де айта алмаймын, сылтау айтпаймын. Қоғам сенім артқан, қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз ететін мемлекеттік құқық қорғау органының басшысы осындай әрекетке барса, бұл – ауыр, өкінішті, ұят жағдай. Мұндай адамдар полиция қатарында болмауы керек, - деді әкім.

Бейбіт Исабаевтың сөзінше, 10 күн бұрын облысқа Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері келіп, қызметтік тексеру жұмысын жүргізді. Сондай-ақ, Жетісу облыстық ІІД бастығы мен оның екі орынбасары қызметінен босатылды.

Қалған екі орынбасардың қызметтік дәрежесіне сәйкес емес деген шешім қабылданды. Қазір облыстық ішкі істер департаментінің басшысы қызметіне жаңа азамат келді. Қалалық полиция басшысы лауазымына адам іздеп жатырмыз. Министр екеуміз жеке құраммен, қалалық және облыстағы бас басқармада, ішкі істер департаментінде жеке кездесу өткіздік. Бұл бейтарап әңгіме болды, - деді Бейбіт Исабаев.

Бұған дейін істі болған полиция қызметкері қалай жазаланатыны жөнінде жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға