Әлеуметтік желі

Үй жинап, ас әзірлейтін Neo роботы сатылымға шығады

29.10.2025 22:19

Норвегияның 1X компаниясы алғаш рет Neo Home Robot деп аталатын адамтектес роботты сату және алдын ала тапсырыс беру науқанын бастады. Бұл – жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, үй шаруасын атқарып, иесімен еркін сөйлесе алатын көпфункциялы робот, деп жазады El.kz интернет порталы.

Neo роботтың басты ерекшелігі – ол үй ішіндегі шашылған заттарды жинап, тағам дайындай алады, сондай-ақ әзіл айтып, кез келген сұраққа жауап бере алады.

Құрылғы үш түрлі түсте ұсынылған: қара, сұр және ақшыл. Бағасы шамамен 20 мың АҚШ доллары (яғни 34 мың манат шамасында). Компания құрылғыны тікелей сатып алу немесе жазылым арқылы пайдалану мүмкіндігін ұсынуда. Бұл тәсіл технологияны көпшілікке қолжетімді етуге бағытталған.

Мамандардың пікірінше, Neo – тек көмекші емес, адам өмірінің жаңа кезеңін айқындайтын интеллектуалды құрылғы. Сарапшылар мұндай роботтарды тұрмысты автоматтандырудың келесі белесі деп бағалап отыр.