Үй құстары арасында құс тұмауы тіркелген жоқ - комитет
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
24.12.2022 14:17
2189
Бүгінгі таңда республикада үй құстары арасындағы құс тұмауы бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты. Бұл жайында Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Айта кетейік, 2022 жылы Қазақстан аумағында 14 930 180 үй құсына жоғары патогенді құс тұмауына қарсы вакцина жасау жоспарланған.
12 айда 14 764 980 құсқа екпе егілді (бұл - жылдық жоспардың 99%).
Үй құстарының арасында ауру белгілері байқалмайды.
Аумақтық инспекциялар эпизоотиялық жағдайды бақылауға алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бір тәулікте 257 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды