Жаңалықтар

«Үй-күйсіз». Шетелдіктер асырап алған қазақ баласы далада қонып жүр

«Үй-күйсіз». Шетелдіктер асырап алған қазақ баласы далада қонып жүр
Фото: instagram.com/janar_baisemiz 07.11.2024 14:33 1413

«Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы Жанар Байсеміз америкалық отбасы асырап алған жігіттің далада қалғанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Оның сөзінше, Сұлтан Кәрімов 1999 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 3 жасында америкалық отбасы асырап алыпты. 

«Шетелдегі қазақ балалалары» бағдарламасына түскен баламыз қазір өмірдің ауыртпалығын тартып жүр. Үй-күйсіз далада түнеп жүр екен. Тұратын жері жоқ. Асырап алған адамдардан қайыр жоқ. Сұлтан бұған дейін Нью-Йорктегі белді университетке түскен еді. Алайда тұрмыс тапшылығынан оқуына бара алмай жүр. Өзі өте білімді, талантты жігіт. мүмкін біздің қолдауымыздан кейін аяғынан тұрып кетер, - деп жазды жоба авторы.

Америкалық отбасы Сұлтанмен бірге, тағы бір ұл баласын асырап алған. Оның америкалық ата-анасы қойған есімі — Ноа Маршалл.

2002 жылы мені АҚШ-қа алып кетті. Өзімнен бір жас кіші інім бар. Оны да сол балалар үйінен асырап алған. Асырап алған ата-анам мен сегіз жасқа келгенде ажырасып кетті. Сөйтіп екі үйдің арасында өстік. Интернеттен ата-анамды іздедім. Анамды табатын шығармын деген үміт болады. Құжаттарда туған әкем қайтыс болғаны жазылған. Шын ба, өтірік пе білмеймін, - дейді Сұлтан Кәрімов.

Жанар Байсеміз далада қалған Сұлтанға көмек көрсету үшін, реквизит ұсынды. Қазіргі уақытта 600 мың теңгедей қаражат жиналған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға