Жаңалықтар

Утильалым петициясы: Жұмыс тобы Алматыдағы зауыттарды аралады

Утильалым петициясы: Жұмыс тобы Алматыдағы зауыттарды аралады
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 19.06.2024 18:14 466

Петицияны қарау жөніндегі Жұмыс тобы өндіріс процестерімен танысу үшін Алматыдағы зауыттарды аралады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Алайда, петицияның бастамашылары мен белсенділері зауыт жұмысшылары кәсіпорындардың қызметі туралы егжей-тегжейлі сөйлесуге дайын болғанымен, зауыттарға келмеді.

Жұмыс тобының Алматыдағы зауыттарды аралауы барысында «Астана Моторс» компаниясының директоры Бекнур Несипбаев зауыттардағы өндіріс пен жеңіл автокөлік нарығын локализациялау туралы айтып берді. Оның ішінде шанақтарды дәнекерлеу және бояу, автокөлік құрастыру, автокреслоларды өндіру.

Бекнур Несипбаев бағаны төмендетуді мысалға келтірді. Бұған дейін дайын отыратын орындарды әкелу үшін Hyundai Motor компаниясына әрқайсысы үшін шамамен 2 000$ төлеген. Қазіргі уақытта автокомпоненттердің құрастыру ақысы - 1 700$ құрайды, бұл 300$-ға аздау. Осы сома жұмысшылардың жалақысын, зауыт құрылысына салынған инвестицияның қайтарымын қамтиды, ал бір бөлігі автокөліктің құнын төмендетуге жұмсалады.

Кейін директор АҚШ, Оңтүстік Корея, Чехия, Словакия, Түркия сияқты шет елдердің ішкі нарықты қорғау үшін қытайлық көліктерге салынатын баж және салықтарын арттырып жатқан тәжірибесін мысалға келтірді.

Сондай-ақ, ол жаңа көліктерге бастапқы тіркеу құны 900 теңгеден басталатынын атап өтті. Сондықтан бастапқы тіркеуге ескі көліктерді әкелуді мақсат еткендер қарсы. Экономика мен ішкі нарықты қорғау – қазақстандықтардың міндеті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға