Жаңалықтар

Утиль алым петициясын қарайтын жұмыс тобы Қостанайдағы зауыттарды аралады

Утиль алым петициясын қарайтын жұмыс тобы Қостанайдағы зауыттарды аралады
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 27.06.2024 11:06 268

Утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі Жұмыс тобы Қостанайға барды. Осыған дейін Жұмыс тобының отырыстарына қатыспаған петицияның бастамашылары мен белсенділері «МТЗ-Қазақстан машина жасау зауыты» ЖШС зауытын аралауға барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жұмыс тобының құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, Өнеркәсіп және құрылыс, Экология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің вице-министрлері, Ішкі істер, Мәдениет және ақпарат, Ұлттық экономика, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, Жасыл Даму» АҚ, «Қазақстанның автокөлік одағы» ЗТБ, «Қазақстанның өнеркәсіптік инвесторлар одағы» ЗТБ, «Қазақстанның тәуелсіз бизнес одағы» ЗТБ, өкілдері, сонымен қатар петиция бастамашылары қатарынан «Республикалық қайталама металлургия өнеркәсіпшілер одағы» ассоциациялары, дербес автомобиль одағы және «Әділдік үшін» ҚҚ өкілдерінің бар екенін еске саламыз.

«МТЗ-Қазақстан машина жасау зауыты» ЖШС – «BELARUS» маркалы тракторлар шығаратын кәсіпорын. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 3000 трактор шығаруға есептелген. Кәсіпорын ауыл-шаруашылық тракторларының 20 түрін шығарады.

Жұмыс тобының қатысушылары өндіріс барысымен танысу үшін зауытты аралады. Топтың толық құрамы тракторды құрастыру барысын басынан бастап бақылағанын айта кеткен жөн.

Жұмыс тобы осыдан кейін «АгромашХолдинг KZ» АҚ, «Allur», «KamLitKZ» ЖШС зауыттарына, сондай-ақ «Қостанай автомобиль көлігі колледжіне» баруды жоспарлап отыр.

Жұмыс тобының зауытқа баруы туралы видеоның толық сілтемесі Министрліктің әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға