Жаңалықтар

Үстіне алтыбақан құлаған балалардың жағдайынан кейін жауаптылар жазаға тартылды

Үстіне алтыбақан құлаған балалардың жағдайынан кейін жауаптылар жазаға тартылды
Фото: Twitter 13.08.2023 18:58 1244

Қостанай облысында әткеншек теуіп тұрған балалардың төбесіне алтыбақан бөренелері құлағаннан кейін жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бейнежазбада ұлттық киімде ән айтып тұрған жастардың арғы жағында алтыбақан теуіп жатқан балалар анық байқалады. Олардың үстіне алтыбақан құлауына байланысты Арқалық қаласы әкімдігінің жауапты қызметкерлері мен шараны ұйымдастырушыларға тәртіптік жаза қолданды. 

Бұл оқиға қалалық іс-шаралардың бірін тікелей эфир арқылы көрсету барысында тіркелді. Аталған шара ұстаздардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Балалар мінген алтыбақан анығында импровизацияланған этноауылдың декорациясы болған екен. Мұны мұғалімдер де растап отыр. 

Осыдан кейін Қостанай облысы әкімдігінде жедел түрде онлайн жиын өткен.

"Жиын қорытындысы бойынша бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын күшейту, сондай-ақ қоғамдық орындарда орнатылған балаларға арналған нысандардың жұмысқа жарамдылығын тексеру бойынша тапсырмалар берілді. Шараны ұйымдастыру барысында жіберілген олқылықтар үшін жауапты лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады", - деді Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға