Үстел теннисінен ерлер командасы Азия чемпионатының ширек финалына өтті
09.10.2024 04:15
Фото:
t.me/olympickz
Үстел теннисінен Қазақстанның ерлер командасы Астана өтіп жатқан Азия чемпионатында ширек финалға шығу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰОК мәліметінше, командалық жарыста үздік сегіз команданың бірі атану үшін отандық спортшылар Сауд Арабиясын жеңуі керек болды. Қазақстандық спортшылар бұл міндетін орындап, қарсыластарынан 3:0 есебімен жеңді.
Құраманың жеңіске жетуіне Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов үлес қосты.
Ширек финал матчы бүгін 9 қазан күні өтеді. Қазақстан командасының қарсыласы әзірге белгісіз.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

