Үстел теннисі: Қазақстанның ерлер құрамасы тарихи нәтиже тіркеді
10.10.2024 15:00
Фото:
ҚР ҰОК
Үстел теннисінен Қазақстанның ерлер командасы Азия чемпионатында тарихи нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты жалғасуда. Турнир аясында Қазақстанның ерлер құрамасы 7-8 орын алу үшін сайысқа түсті.
ҰОК мәліметінше, біздің құрама Иран елінен келген спортшыларға қарсы ойнады.
Қазақстандық спортшылар 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша отандық команда жетінші орынға жайғасты. Бұл ретте қазақстандық спортшылар үш Азия чемпионатында үздік сегіздікке еніп отыр.
Айта кетелік, бұл турнирде ел намысын Кирилл Герасименко, Алан Құрмангалиев және Айдос Кенжеғұлов қорғады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

