Үстел теннисі: Кирилл Герасименко Қытайдағы турнирді аяқтады
29.09.2025 23:45
Фото:
ҰОК
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан China Smash 2025 халықаралық турнирін аяқтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ҰОК мәліметінше, іріктеу кезеңінің алғашқы айналымында қазақстандық спортшы Мальта өкілі Амирреза Аббасиден басым түсті. Одан кейін ол әлем чемпионатының күміс жүлдегері, швециялық Маттиас Фалькты 3:2 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті. Үшінші айналымда Кирилл командалық сайыста Әлем кубогының қола жүлдегері, англиялық Томас Джарвисонды 3:0 есебімен жеңіп, жарыстың негізгі кезеңіне шықты.
Өкінішке қарай, 1/32 финалда отандасымыз Олимпиада ойындарының жүлдегері Симон Гозиге (Франция) 0:3 есебімен жол беріп, жарыс жолынан шығып қалды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

