Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев Қытайдағы турнирдің қола жүлдегері атанды
06.10.2025 14:23
Фото:
ҚР ҰОК
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан China Youth Smash турнирінде қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алан жарыстың жартылай финалына дейін жетіп, жастар арасында екі дүркін әлем чемпионы қытайлық Вен Жуйбомен кездесті.
Бұл матч 4:0 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды. Осылайша Құрманғалиев турнирді қола медальмен аяқтады.
Айта кетейік, 1/4 финалда қазақстандық спортшы жастар арасында әлем чемпионы Ли Хеченді 4:3 есебімен жеңген болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

