Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев China Youth Smash турниріне қатысады
02.10.2025 15:31
Фото:
ҚР ҰОК
3-5 қазан аралығында Қытайдың Бейжің қаласында үстел теннисінен халықаралық China Youth Smash 2025 турнирі өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
19 жасқа дейінгі жас санатында жастар арасында әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері өнер көрсетеді. Олардың қатарында Ким Гаон (Корея, жастар арасында халықаралық рейтингте №3), Ли Сынсу (Корея, №4), Рюсей Каваки (Жапония, №5), Ли Хэчэн (Қытай, №7), Чан Ю Ан (Тайбэй, №10), Вен Жуйбо (Қытай, №11), Шунто Иваида (Жапония, №15) және басқа да спортшылар бар.
Қазақстан атынан бұл додаға Алан Құрманғалиев (№9) қатысады. Ол өз тобында Тайбэй, Сингапур және Гонконг спортшыларымен кездеседі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

