Жаңалықтар

Ұстанымы бөлек, мүдделері кереғар елдер Астанада бітімге келді – Тоқаев

Ұстанымы бөлек, мүдделері кереғар елдер Астанада бітімге келді – Тоқаев
Фото: Akorda.kz 05.07.2023 11:10 815

Мемлекет басшысы Астананың 25 жылдық мерейтойы қарсаңында бас қаланың жетістіктерін тағы бір еске салды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Президент елорданың бейбітшілік пен тарих ордасы екенін айтты. Бұған діндер съезінің өткенін, Рим Папасының арнайы келгенін және Қазақ хандығындағы қалалардың атаулары көшелерге берілгенін дәлел ретінде келтірді.

Қазір Астанада Алматы, Ақмешіт, Орынбор, Түркістан, Сауран, Сығанақ, Сарайшық көшелері бар. Бұл – елдік пен мемлекеттілік тарихының нақты көрінісі. Астана – еліміздің жүрегі. Бұл қалада ең маңызды шешімдер қабылданып жатыр. Келешекте де лайым солай болмақ, - деді Тоқаев.

Енді бас қаланы «жасыл қалаға» айналдыру мақсаты тұрғанын айтты. Бұдан бөлек Астана ыңғайлы қала болуы керектігін де алға тартты.

Астана – болашағы зор қала. Осы орайда, біз «жасыл қала» идеясын жүзеге асыруға айрықша мән береміз. Елордамыз, ең алдымен, тұрғындарға ыңғайлы қала болуы керек. Астана – аймақтағы ірі қаржы орталығы.

Әлемдік саясатшылар Астананы бейбітшілік алаңы дейді. Ұстанымы бөлек, мүдделері кереғар елдер осында бітімге келді. Келешекте де Астана біздің геосаяси аймақтағы маңызды орталық ретінде дами бермек. Мен бұған кәміл сенемін, - деді Президент.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға