©Pixabay.com

Үсік, жел, өрт қаупі: 16 қазанға арналған ауа райы болжамы

16.10.2025 04:00

16 қазан күні Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Түркістан облысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – облыстың солтүстігі мен батысында, таулы аймақтарда 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Өңірде өрт қаупі аса жоғары. Мұндай жағдай Шымкент пен Түркістан қалаларында да сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы – оңтүстік-шығыстан соққан жел түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз оңтүстігінде, солтүстігінде және шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен күшейеді. Петропавлда да желдің екпіні күтіледі.

Маңғыстау облысы – түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Өңірде өрт қаупі жоғары, Ақтауда да осындай жағдай сақталады.

Алматы облысы – солтүстік-шығыс, шығыстан соққан желдің екпіні облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде 1-6°С аяз күтіледі.

Алматыда түнде 1-3°С аяз, Қонаевта 4-6°С аяз күтіледі.

Жетісу облысы – солтүстік-шығыстан соққан жел Алакөл маңында 15-20, кейде 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде 4-9°С аяз, ал Талдықорғанда 7-9°С аяз күтіледі.

Жамбыл облысы – түнде және таңертең таулы өңірлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні кей аймақтарда 15-23 м/с. Облыстың батысы мен солтүстігінде өрт қаупі аса жоғары, орталық бөлігінде – жоғары.

Батыс Қазақстан облысы – түнде және таңертең облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Оңтүстігінде өрт қаупі аса жоғары. Орал қаласында да түнде және таңертең тұман болады.

Қызылорда облысы – облыстың солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Өңірдің басым бөлігінде өрт қаупі өте жоғары, солтүстігі мен орталығында – жоғары. Қызылорда қаласында да өрт қаупі жоғары болып қала береді.

Атырау облысы – түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында өрт қаупі аса жоғары, солтүстік-шығысында – жоғары. Атырау қаласында да жағдай осындай.

Ақтөбе облысы – түнде және таңертең солтүстігі мен батысында тұман болады. Оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары, ал батысы, солтүстік-шығысы мен орталығында – аса жоғары деңгейде сақталады.

Абай облысы – түнде және таңертең батысы, оңтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан жел күндіз 15-18 м/с жылдамдыққа дейін күшейеді. Өңірдің оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Ақмола облысы – облыстың оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Қостанай облысы – оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с. Оңтүстігінде өрт қаупі аса жоғары, оңтүстік-батысында – жоғары.

Ұлытау облысы – шығыстан және оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың солтүстігі, шығысы және орталығында 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Оңтүстігінде өрт қаупі аса жоғары, ал шығысы мен орталығында – жоғары.

Жезқазғанда желдің жылдамдығы 15-18 м/с, қалада да өрт қаупі жоғары деңгей сақталады.