Видеодан кадр

Үшқоңыр тауларында ірі табиғи өрт сөндірілді

05.09.2025 04:21

Алматы облысындаға таулы жерлерде мемлекеттік жер қоры аумағында құрғақ шөп жанды. Оқиға Қарасай ауданы Жандосов ауылының маңында болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Өрт 60-80 градусқа дейінгі беткейлері бар таулы рельефте болғандықтан және екпіні 15-20 м/с дейін жететін қатты жел салдарынан қызыл жалынды сөндіру күрделене түскен.

Алматы облысы, Алматы қаласы және жергілікті атқарушы органдар ТЖД құтқарушыларының үйлестірілген іс-қимылдарының арқасында өрт  толығымен сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.