Жаңалықтар

Ұшақта ішімдік ішкен Моңғолия азаматына айыппұл салынды

Ұшақта ішімдік ішкен Моңғолия азаматына айыппұл салынды
Фото: © Polisia.kz 16.08.2023 16:43 941

Көлік полициясы Моңғолия азаматына ұшақта алкоголь ішкені үшін 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

2023 жылғы 14 тамызда Астана қаласы Халықаралық әуежайындағы Желілік полиция бөліміне "СКАТ" әуекомпаниясының Ыстамбұл - Астана бағытындағы әуерейсінің бортында құқықбұзушының бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Экипаж мүшелері полицейлерге жолаушы азаматтың әуе кемесінің ұшу кезінде алкогольдік ішімдік ішкенін, тіпті басқа жолаушылардың тыныштығын бұзғанын айтты. Мән-жайлар анықталғаннан кейін құқықбұзушы акт бойынша полицейлерге берілді, - делінген хабарламада.

Тексеру барысында көлік полицейлері Моңғолияның 39 жастағы азаматын анықтады. Ол кезекші бөлімге жеткізілді, медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, алкогольдік масаң күйде болғандығы белгілі болды.

Шетелдік азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 440-бабының 1-бөлігімен, яғни, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда масаң күйінде пайда болу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға