Жаңалықтар

Ұшаққа домбыра алып кіру үшін ақша төлеу керек

Ұшаққа домбыра алып кіру үшін ақша төлеу керек
Фото: El.kz 21.08.2024 16:17 489

Air Astana компаниясының вице-президенті Александр Небога ұшақ ішіндегі қол жүгі жәшіктеріне кейбір заттарды салу мүмкін емес екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін елордада әуе көлігі тақырыбына арналған баспасөз мәслихатында тілшілер әуе компанияларының басшыларынан «жолаушылар өзімен бірге алып жүрген домбыраға қосымша ақы төлеу керек пе?» деген сұрақ қойды. 

Қол жүгі салынатын жәшіктердің көлемінде де, ондағы жүк салмағында да белгілі бір шектеулер бар. Тиісті музыкалық аспаптарды тасымалдауға рұқсат етіледі, ол үшін қосымша орын алу қажет. Бұл жағдай - негізінен барлық авиакомпанияда қабылдаған стандартты әлемдік тәжірибе, - деді Небога. 

Ол қол жүгінің көлемі ұшақтағы жәшіктерге сыймай тұрса, кез келген затқа қосымша орын алу керектігін жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға