Ұшақ теңізге құлады: қаза тапқандар бар

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
18.03.2025 12:42
510
Гондураста 17 жолаушысы бар шағын ұшақ теңізге құлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алдын ала мәліметтер бойынша, кемінде алты адам қаза тапқан.
Роатан губернаторы Уго Вареланың айтуынша, әуе кемесі Хуан Мануэль Гальвес атындағы әуежайынан Трухильо қаласына бағыт алған. Алайда ұшақ ұшқаннан кейін көп ұзамай Роатан аралының жағалауында теңізге құлаған.
Құтқарушылар қазіргі уақытта алты адамның мәйітін тапқанын хабарлады, іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, құлау сәтінде ұшақ өртенген, соның салдарынан құтқару операциясын қиындатып отыр.
