Жаңалықтар

Ұшақ суға қонғанда, ешкім тірі қалмаушы еді – сарапшы

Ұшақ суға қонғанда, ешкім тірі қалмаушы еді – сарапшы
Фото: ҚР ТЖМ 26.12.2024 15:51 1200

Бұрынғы әскери ұшқыш әрі Fighterbomber Telegram-арнасының авторы Ақтау маңында болған ұшақ апатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маманның сөзінше, егер ұшақ теңізге құлағанда, онда жолаушылардың бір де бірі тірі қалмаушы еді.

Тәжірибелі ұшқыш AZAL ұшағының экипажы басқарудағы ақауларға байланысты апат сигналын берген. Араға 40 минут салып құрылғы істен шыққан.   

Мына жерден ұшақтың тартылысты жоғалтпай-ақ басқаруынан айырылғанын көруге болады. Ұшақтың биіктігі, тік жылдамдығы және бағыты қалай өзгергеніне назар аударыңыз. Экипаж соңына дейін күресті, – деді Fighterbomber арнасының авторы.

Спикердің сөзінше, экипаж құрлыққа жетіп алу үшін қозғалтқыштардың тартылуын өзгерту арқылы биіктікті сақтауға тырысқан. Борт суға қонған жағдайда, жолаушылардың барлығы қайтыс болатын еді. Яғни фюзеляждың қалған бөліктері есіктерді жауып, жолаушылар тұншығып қалар еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға