Жаңалықтар

Ұшақ бортында темекі шеккен ресейлік әйелге айыппұл салынды

Ұшақ бортында темекі шеккен ресейлік әйелге айыппұл салынды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 13.08.2024 23:41 1051

«Инчхон – Астана» бағытындағы әуе рейсінің жолаушысы бортта темекі шеккен. Ұшақ елордаға келіп қонғаннан кейін желілік полиция бөлімінің қызметкерлері құқық бұзған жолаушы әйелді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көліктегі Полиция департаментінің мәліметінше, тексеру барысында Ресей Федерациясының 49 жастағы азаматшасының әуе кемесінің дәретханасында темекі шеккені анықталған. Шетелдік әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК (184 600 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. 

Жалпы жыл басынан бері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әуе кемесінен 351 азамат түсірілген. Оның ішінде қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін – 173, ұшақ бортында темекі шеккені үшін – 136, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 19 және т.б.

Полицейлер ұшақта темекі шегу бұл ережелерді бұзу ғана емес, сонымен қатар борттағылардың барлығына қауіп төндіру болып табылатынын еске салады. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға