Ұшақ апаты: Әзербайжан қаза тапқан азаматтардың тізімін жариялады
Мөлдір Қайнар тілші
27.12.2024 10:43
Фото:
коллаж El.kz
Әзербайжан Денсаулық сақтау министрлігі ұшақ апатынан қаза тапқан азаматтардың есімдерін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тізімде экипаж мүшелерін қосқанда барлығы 25 адам бар.

Еске салайық, 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтаудан үш шақырым жерде апатқа ұшырады. Жолаушылар ұшағы қалың тұман салдарынан Грозныйға қона алмай, әуелі Махачкалаға, кейін Ақтауға бағытталған.

