Жаңалықтар

Үш жасқа толғанда әріпті таныған Нұрмұхаммед жайында не білеміз?

Үш жасқа толғанда әріпті таныған Нұрмұхаммед жайында не білеміз?
Фото: Коллаж El.kz 01.06.2024 11:35 7790

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл – бүкіл әлемге ортақ санаулы мерекелердің бірі. Қазіргі таңда Қазақстанда балалардың саны 6,8 миллионға жетті. 2027 жылға қарай бұл көрсеткіш 8 миллионға дейін артады деп күтілуде. Осы ретте El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі дарынымен көзге түсіп жүрген бүлдіршінді сөзге тартты.  

Атырау қаласындағы Әл-Фараби атындағы Binom School мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы Нұрмұхаммед Досқали өзінің ерекше бала екеніне қарамастан, өзгелерге үлгі болып, бойындағы дарынымен көптің көзіне түсіп жүр.

Нұрмұхаммедтің анасы баласының кішкентайынан өте алғыр дарынды болғанын жеткізді. Оның, бала дүниеге келісімен алғашқы күндерінен бастап оның ерекшелігін байқай бастаған.

Үш жасқа толғанда әріпті таныған Нұрмұхаммед жайында не білеміз?

жеке мұрағат

Балам күн-түнімен жылай беретін, мүлдем ұйықтамайтын болды. Сегіз айға толғанша ешбір дәрігер оған диагноз қоя алмады. Тіпті немен ауыратынын білмеді. Мен шаршағаннан күйзеліске түсіп кеттім. Бірақ 8 айында жаңадан педиатр келіп, сол кісі диагнозын қойып, невропотологтан ем алдық. Артынша Астанаға квотамен ауруханаға жіберді. Келген соң мүгедектік тағайындалып, ахондроплазия диагнозын қойды. Ем алған сәттен бастап балам оңалып, басын көтеріп, ұйықтай бастады, – дейді анасы.

Осылайша Нұрмұхаммед кеште болса еңбектеп, өздігімен жүріп, 3 жасқа толғанда әріптерді танып, сөйлей бастайды. Тіпті 1 жасынан бастап музыка естісе, билеп, ән айтатын болыпты. Қазір жасы 10 да болса да, адамның көмегінсіз өздігінен қоғамдық көліктерге отыру қиынға соғатын көрінеді. Десе де, оған мойымай тек алға ұмтылып, көптеген жетістіктерге де жетіп жүр.

Үш жасқа толғанда әріпті таныған Нұрмұхаммед жайында не білеміз?

жеке мұрағат 

Әр қалаға конкурстарға апарып жүрдім. Өнер мектебінен қалдырмадым.  7 жасында домбыраға қатысам, үйренем деді. Оны да қолдадым. Қазір домбырамен күй тартып, дәстүрлі әнге барып жүр. Мектебінде дойбы, шахматқа да қатысады. Бассейінге апарамын. Бұл денсаулығына өте жақсы көмектеседі. Үйде бос уақытынд теледидардан әр елдің тарихын, тілдерін меңгеріп жүр. Былтыр Грузияға конкурсқа барғанда грузиндермен сөйлесіп үйреніп алды. Бұдан басқа түрік, француз, корей, украин тілдерін меңгеру үстінде, – дейді анасы.

Бос уақытында арасында сурет те салатын көрінеді. Сабағын жақсы оқиды деп отыр.

4 сыныпқа дейін орыс сыныбында оқыды. Бірақ 5 сыныпта қазақ мектебі Binom School барып, сабағын жақсы бітіріп шықты. Өзінің кейде ренжіп айтатын сөзі бар. Қатарластары оны сен кішкентайсың деп келемеждейтін көрінеді. Соған қарамастан, ол өзін мен ақылдымын, өскенде бойым 170 см болады деп армандайды. Балаларға ренжігенде ағылшын-түрікше сөйлеп кететіні бар. Бойым өссе екен деп күнде турникте тартылады.  Достары көп емес, өйткені олармен түсінісе алмайды. Кейде ағылшын тілінде сөйлесетін достарым жоқ деп ренжиді, – дейді Нұрмұхаммедтің анасы.

Жасы небәрі 10 да болса да, осы уақытқа дейін көптеген жетістіктерге де жетіпті. Мәселен Ақтөбе қаласында өткен ll республикалық шығармашылық байқауының екінші дәрежелі лауреаты болса,  2020 жылы Алматы қаласында өткен IV республикалық «Ұлы дала ұрпақтары» байқауында l дәрежелі дипломмен марапатталған.

Үш жасқа толғанда әріпті таныған Нұрмұхаммед жайында не білеміз?

жеке мұрағат 

Сонымен бірге ҚР 30 жылдығына арналған байқауда бас жүлдені жеңіп алады. Бұдан бөлек халықаралық және республикалық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінеді. Айтуынша, 2022 жылы Ыстықкөлде өткен конкурста гран-приді, 2022 жылы Грузия мемлекетінде ұйымдастырылған «Golden Fieece» халықаралық байқауында l орынды иеленеді.

Атырау қаласы Әл-Фараби атындағы Binom School мектеп-лицейінің педагог-дефектологы Ғалия Лұқпанова дарынды оқушысы жайында ойымен бөлісті.

Мектеп – бұл оқушының дарындылығы мен шығармашылығын қалыптастыратын бірден бір орта. Сондай ортаның бірі – Атырау қаласындағы Әл-Фараби атындағы Binom School мектеп-лицейі. Аталған мектепте дарынды  да талантты оқушылар жетерлік. Сонің ішіндегі бірегейі 5 «Е» сынып оқушысы Нұрмұхаммед Досқали. Ол үлгілі, дарынды оқушы, – дейді ол.

Ұстазы Нұрмұхаммедтің негізгі пәндерді сүйіп оқитынын айтады.

Математика, ағылшын тілінен қалалық олимпиадалардан жүлделі орын алған. Мектептің қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысады. Ол қазақ, орыс, ағылшын, тілдерін жетік біледі. Қазір араб, түрік, корея, француз, грузин, украин тілдерін өздігінен үйреніп жүр. Сурет салу, архитектура, лего, шахмат, дойбы ойнағанды жақсы көреді, – дейді жетекшісі Ғалия Лұқпанова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға