Жаңалықтар

«Үш рет тұрмыста болдым, үшеуі де сәтсіз». Бибігүл Төлегенова жан сырын ақтарды

«Үш рет тұрмыста болдым, үшеуі де сәтсіз». Бибігүл Төлегенова жан сырын ақтарды
Фото: Видеодан алынған кадр 12.08.2024 11:38 9683

Қазақстанның Халық әртісі Бибігүл Төлегенова жеке өмірі туралы Динара Сәтжанға сұхбат берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол махабаттан жолы болмаса да, өнерінің арқасында бақытты екенін жеткізді.

Әркімнің өз бақыты бар. Бақытты әркім әрқалай түсінеді. Бір әйел күйеуінен бақыт табады, енді бірі өнерден табады. Мен өнерімнің арқасында бақытқа бөлендім. Сол үшін де маған ешбір еркек «сені мен көтердім» деп айта алмайды. Ешкім мен үшін ештеңе істеген жоқ. Мені бәрі қолданды. Маған ешкім қолдау көрсетпеді.Мен қарсылық танытып үйреніп қалдым. Отбасылық бақыт туралы айтқым да келмейді. Үш рет тұрмыста болдым. Үш рет те сәтсіз болды. Маған бір жолы болмайтын ер адамдар жолыға берді. Маған керек емес дедім, - деді Бибігүл Төлегенова.

 Халық әртісі күйеулерімнің ешқайсысы өнерімді қолдамағанын да жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға