Үш қазақстандық теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
25.12.2024 17:51
Фото:
Қазақстан теннис федерациясы
Australian Open-2025 чемпионатының ерлер арасындағы жұптық жарыстарының негізгі тізімі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның атынан үш теннисшісі жарысқа барады: Александр Бублик, Александр Шевченко және Александр Недовесов.
Сайыста қазақстандық жұп Александр Бублик пен Александр Шевченко өнер көрсетеді. Ал Александр Недовесов нидерландтық Робин Хаасемен бірге ойнайды. Хаасе 2013 жылғы Australian Open турнирінің финалисі болған.
Қазіргі чемпиондар Рохан Бопанна (Үндістан) мен Мэттью Эбден (Австралия) биыл титулын жұптасып қорғаудан бас тартты. Бопанна Николас Баррьентоспен, ал Эбден бельгиялық Йоран Флигенмен бірге ойнайды.
Айта кетейік, турнир 6-26 қаңтар аралығында Мельбурнде өтеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

