Жаңалықтар

«Үш мың полигон бар». Министр қоқыс полигондары туралы айтты

«Үш мың полигон бар». Министр қоқыс полигондары туралы айтты
Фото: © El.kz 18.09.2024 14:16 470

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қоқыс полигондарының басым бөлігі экологиялық талапқа сай еместігін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжіліс кулуарында журналистер министрден «Соңғы кезде елімізде қоқыс полигонында өрт шығу жағдайлары неге жиіледі? Маңғыстау облысында қоқыс полигонындағы өрт сөндірілді ме, өрт неден шыққан?» деп сұрады.

Өкінішке қарай, қолда бар 3 мыңнан астам полигонның небары 634-і ғана экологиялық талапқа қай сай келетінін атап өткен жөн. Екіншіден, полигондарды күтіп-ұстау жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді. Үшіншіден, Маңғыстау облысында қоқыс полигонынан өрт шығу жағдайына келер болсақ, оқиға қалаға жақын орналасқан Мұнайлы ауданында болды. Өрт ауданы шамамен 750-800 шаршы метрді құрады. 16 қыркүйек күні өрт толығымен сөндірілді, - деді Ерлан Нысанбаев.

Экология және табиғи ресурстар министрі қоқыс полигондары неліктен экологиялық талапқа сай келмейтінін түсіндірді.

Негізінен бұл ауылдық жерлерде орналасқан қоқыс полигондары. Ірі қалалар мен ауылдық жерлерде қоқыс полигондары құрылысына қойылатын талаптар бірдей болды. Яғни, елді мекендегі қоқыс полигонын салуға жұмсалатын қаражат ірі қалалардағымен бірдей еді. Біз әкімдіктермен бұл мәселені реттедік. Келесі жылдан бастап қолданыстағы заңнамадағы талаптарға сәйкес келмейтін полигондардың жұмысын тәртіпке келтіретін боламыз деген ойдамын, - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға