Жаңалықтар

Үш МӨЗ-ді тоқтату туралы ақпарат шындыққа жанаспайды - Энергетика министрлігі

Үш МӨЗ-ді тоқтату туралы ақпарат шындыққа жанаспайды - Энергетика министрлігі
03.07.2023 22:10 934

Энергетика министрлігі үш қазақстандық мұнай өңдеу зауытын тоқтату туралы ақпаратты жоққа шығарады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атырау МӨЗ

Электр энергиясының терең төмендеуіне байланысты Атырау МӨЗ технологиялық және қосалқы нысандарының апаттық тоқтауы орын алды.

Электр энергиясын қабылдау басталды, зауытты кезең-кезеңімен іске қосу жұмыстары жүргізілуде. 

Жинақталған ЖЖМ қорлары халықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті.

Шымкент МӨЗ

Шымкент МӨЗ АИ-95 автобензинін шығаруды шектей отырып, каталитикалық риформинг қондырғысының катализаторының регенерациясын ескере отырып жұмысын жалғастыруда. Регенерация және іске қосу 14 шілдеде аяқталады.

Жинақталған ЖЖМ қорлары халықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті.

Павлодар МХЗ

Зауыт жоспарлы жөндеуден өтіп, 19 шілдеде іске қосыла бастайды.

Жинақталған ЖЖМ қорлары халықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті.

Елдегі ЖЖМ жиынтық қорлары (мұнай базаларында, жолдағы және МӨЗ резервуарларында) нарық қажеттілігін үздіксіз жабуды қамтамасыз етеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға