Үш айда 18,7 миллиард доллардың тауары экспортқа шықты
16.05.2023 10:49
Фото:
© Pixabay.com
Еліміз үш айда 18,7 миллиард доллардың тауарын экспортқа шығарды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
2023 жылғы қаңтар-наурыз айларында сыртқы сауда тауар айналымы 13,4 пайызға өсіп, 32,7 миллиард долларды құрады. Экспорт 18,7 миллиард доллар болды. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 8,1 пайызға ұлғайып, 5,9 миллиард долларға жетті. Тауарлар импорты 14 миллиард долларды құрады. Жалпы, оң сауда балансы 4,8 млрд долларға тең, - деді Әлібек Қуантыров.
Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында байқалған.
Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Өндіріс көлемі 5,1 пайыз өсті. Көрсеткіш өсуі 16 өңірде тіркелді. Соның ішінде ең жоғарғы өсуді Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстары және Алматы қаласы көрсетті, – деді министр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

