USA Today Sports

US Open жеңімпазы рекордтық деңгейде сыйақы алады

2023 жылы АҚШ ашық чемпионатында рекордтық жүлде қоры тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол 65 миллион долларды құрайды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 8 пайызға көп. Әйелдер мен ерлер арасындағы жекелей сында жеңімпаздардың әрқайсысы 3 миллион доллар табады. Өткен жылы чемпиондар 2,6 миллион доллардан алды.

US Open жүлде қоры «Үлкен дулыға» турнирлері арасында рекордтық көрсеткіш болып табылады. Сондай-ақ 1973 жылдан бастап АҚШ ашық чемпионатында ерлер мен әйелдер үшін бірдей сыйлықтар төлене бастады.

US Open-2023 жүлделерін раундтар бойынша бөлу:

Бірінші айналым - 81,5 мың доллар.

Екінші айналым - 123 мың доллар.

Үшінші айналым-191 мың доллар.

Төртінші айналым - 284 мың доллар

Ширек финал - 455 мың доллар.

Жартылай финал - 775 мың доллар.

Финал - 1,5 миллион доллар.

Жеңімпаз - 3 миллион доллар.