instagram.com/usopen

US Open: жартылай финалистер анықталды

5 қыркүйекке қараған түні Нью-Йорктегі корттарда АҚШ ашық чемпионатының (US Open) жекелей сындағы жартылай финалдық матчтары басталады. Алғаш болып әйелдер арасындағы теннисшілер шығады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Алдымен Беларусь спортшысы Арина Соболенко америкалық Джессика Пегулаға қарсы ойнайды. Одан кейін Артур Эш аренасында жапон теннисшісі Наоми Осака тағы бір америкалық Аманда Анисимовамен кездеседі.

Анисимова алдыңғы ойында әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швёнтекті (6:4, 6:3) жеңіп, алғаш рет US Open жартылай финалына шықты.

Бұдан бөлек, былтыр Соболенко жекелей сындағы мансабында алғаш рет US Open-де жеңісіне жеткен болатын. Сол кезде ол дәл осы Пегуланы ұтқан еді. Бұл жолы америкалық спортшы қарымта қайтаруға тырысады.

Ерлер жарысы туралы:

Италиялық Янник Синнер «Үлкен дулыға» турнирлерінде қатарынан бесінші рет жартылай финалға шықты. Ол 4 қыркүйек күні Нью-Йоркте отандасы Лоренцо Музеттиден басым түсті – 6:1, 6:4, 6:2.

Әлемнің бірінші ракеткасы енді 6 қыркүйекте канадалық Феликс Оже-Альяссиммен финалға жолдама үшін таласады. Ал екінші финалдық жолдаманы сербиялық Новак Джокович пен испаниялық Карлос Алькарас сарапқа салады.

Бұған дейін 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатынының ширек финалына шыққаны туралы жазғанбыз.