US Open: Заңғар Нұрланұлы алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің ширек финалына өтті
04.09.2025 10:24
Фото:
Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатынының ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ITF Juniors рейтингісінде 54-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы үшінші айналымда жасөспірімдер арасында әлемнің 8-ракеткасы, 18 жастағы финляндиялық Оскари Палданиустан айласын асырды. Полданиус ересектер арасында ATP рейтингісінде 991-сатыда тұр.
Бірінші партияда фин теннисшісі 6:3 есебімен басым түсті. Бұдан кейін камбэк жасай білген Заңғар қарсыласын тұқыртып тастады – 6:1, 6:2.
Осылайша, тағы бір сенсация жасап, ширек финалға өткен Заңғар Нұрланұлының келесі қарсыласы – ресейлік Тимофей Дерепаско.

